| Сатып алу | Сату | |
![]() | ||
| Алматы қ. бойынша бағамдар |
13.12.2011 Standard & Poor's несие рейтингтерінің қызметі «Delta Bank» АҚ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В/В» несие рейтингтерін растады. Рейтингтердің өзгеру болжамы – «Тұрақты». Бұдан басқа, Банктің ұлттық шкала бойынша «kzBB+» деңгейіндегі рейтингі дәлелденді.
"Delta Вank" АҚ 2011 ж. қазанның 27 директорлар Кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасының орынбасарлығына – Банк Басқармасының мүшесі болып Мамыталиев Б.Д. тағайындалды.
Moody’s Investors Service рейтингтік агенттігі Delta Bank-тің барлық рейтингтерін коммерциялық себептерге байланысты кері шақыру туралы хабарлап, Delta Bank-тің ресми түрдегі сұрауын қанағаттандырды.
Standard and Poor’s рейтингтік Агенттігі «Delta Bank» АҚ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В/В» несиелік рейтингтерін және «kzBB+» ұлттық шкаласы бойынша рейтингін берді; болжамы - Тұрақты 2011 ж. маусымның 27. Standard & Poor's несиелік рейтингтер қызметі «Delta Bank» АҚ қазақстандық банкіне контрагенттің несиелік рейтингін: ұзақ мерзімді несие рейтингін – «В» деңгейінде, қысқа мерзімді несие рейтингін – «В» деңгейінде бағалады. Рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты». Банкке бірмезгілде ұлттық шкала бойынша «kzBB+» рейтингі берілген.
«Delta Bank» АҚ жарғылық капиталды бұрын жарияланған эмиссия шеңберінде бір акцияға бағасы 1 500 теңге бойынша 2 000 000 дана енгізу есебінен 3 млрд. теңгеге ұлғайтты (құнды қағаздарды шығарудың мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігі 2010 жылдың 19 қазаны).
«Delta Bank» жарғылық капиталын 5 000 000 данадағы бұрын жарияланған эмиссия шеңберінде жай акцияларды (шығарудың мемлекеттік тіркеулі күні 2005 жылғы маусымның 23) енгізу есебінен 2,410 млрд. ұлғайтты.
Қыркүйектің 19 сағат 11.30 «Delta Bank» АҚ орталық офисінің ресми ашылу салатаны өтеді. Жаңа офис Төле би көшесінің бойында, Сейфуллин мен Наурызбай батыр көшелерінің ортасында орналасқан.