| Сатып алу | Сату | |
![]() | ||
| Алматы қ. бойынша бағамдар |
Қазіргі таңдағы халықаралық сауда-саттық маңызын қайта бағалау күрделі. Кең мағынасында, әлемдік экономиканың дамуында халықаралық сауданың маңызы төмендемейді, бұл үдеріске елдер, жеке аймақтар, трансұлттық компаниялар, ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, жеке кәсіпкерлер және сондай-ақ, банктер ілінуі мүмкін.
Сауда қаржыландыруы банктік өз клиенттерінің ішкіэкономикалық қызметтерін қысқа және, мүмкіндігінше, ұзақ мерзімді несиелік капитал тарту жолымен қаржыландыру түсінігін береді.
Банктер, әдетте өз клиенттеріне сауда мәмілелерін өз қаражаттары есебінен және шетел банктерінің несиелік желілері арқылы қаржыландыруды ұсынады. Бұл мақсатта банктер халықаралық келісім-шарттар бойынша есептерін құжаттамалық аккредитивтер мен банктік кепілдіктерді пайдалану арқылы құрылымдайды.
Әдетте шетел банктері несиелік желілерінің талаптары, қолданылуы клиент бизнесінің тиімді дамуына жағдай жасайтын тартымды банк өнімдерін клиенттерге ұсынуға мүмкіндік беретін тым арзан шетелдік қорларды пайдалануды жорамалдайды.
Сауда қаржыландыруын пайдаланудың негізгі артықшылықтары болып:
Төленбеу қауіптілігі
Экспорттаушы өз серіктесінің (сатып алушы) несиелік мүмкіндігін дәл бағаламауы мүмкін. Ол, сондай-ақ сатып алушы елдің жергілікті реттеуі жөнінде хабары болмауы мүмкін.
Тауар жеткізілмеу қауіптілігі
Сатып алушы өз серіктесінің (сатушы) шынайысыздығынан жапа шегуі мүмкін.
Елдік қауіптілік (саяси қауіптілік)
Қаржылық реттеу, басқа үкіметтік шектеулер, саяси тұрақсыздық, ұлттық нәубет, әскери іс-қимылдардың орын алуы.
Сатып алушы Сатушыға төлемді тауар жөнелтуден бұрын жүргізеді. Әдетте сұранысы жоғары, ұсынысы шектеулі тауарда қолданылады.
Сатушы үшін артықшылықтар:
Сатып алушы үшін кемшіліктер:
Тауарға төлем, ол Сатып алушыға жеткеннен кейін алынады. Жөнелтілім құжаттары Сатушыдан Сатып алушыға тікелей барады.
Сатып алушы үшін артықшылықтар:
Сатушы үшін кемшіліктер:
Керекті құжаттарды беруге қарсы төлемді банк арқылы алу.
Сатушы үшін кемшіліктер:
Сатып алушы үшін кемшіліктер:
Көрсетілген қауіптіліктер мен кемшіліктерді есептеулердің аккредитивтер мен кепілдіктер құжаттамалық үлгілерімен азайтуға немесе жоюға болады.
Аккредитив дегеніміз – бұл банк-эмитентінің Сатушыға (Бенефициарға) Аккредитив шарттарына сәйкес құжаттарын мерзімінде көрсеткенінде белгілі бір соманы төлейтін міндеті. Аккредитив негізделуіне қарай келісім-шарттан бөлек мәміле болып табылады. Банктер, аккредитивте мұндай келісім-шартқа сілтеме жасалған жағдайда да, бұл келісім-шарттармен еш байланып қалмайды.
«ҚҰЖАТТАМАЛАНҒАН аккредитив»: банктер тауармен емес құжаттармен жұмыс жасайды. Тәжірибеде бұл, төлемдік міндеттемелер ҚҰЖАТТАРДЫ көрсетуге негізделгенін білдіреді.
Халықаралық сауда-саттықта аккредитивтер 2007 жылғы түзету бойынша UCP 600 «Құжаттамалық аккредитивтер бойынша сәкестендірілген тәртіптер мен ережелеріне» (Халықаралық Сауда Палатасының №600 жарияланымы) бағынады. Бұл Ережелер өз күшіне 01.07.2007ж. енді.
Артықшылықтар:
Кемшіліктері:
Қайтарылып алынатын аккредитив
Бенефициарға алдын ала хабарлаусыз банк-эмитентпен өзгеруі немесе күшін жою мүмкін. Банк-эмитенттің мықты төлем міндеттемелері болмайды.
Қайтарылып алынбайтын аккредитив
Бенефициарда аккредитив бойынша тек банк-эмитенттің төлем міндеттемелері болады.
Банк-эмитент міндеттемесімен қатар бенефициардың расталған банкке мықты төлем міндеттемесі болады
Тараптар – аккредитив катысушылары арасында келісіммен төлем уақыты келген жағдайда құжаттарда көрсетілген соманы алу
уәкілетті банкпен акцепт траттарды (векселдер) және траттардың (векселдер) сонда көрсетілген сомасын мерзімінде төлеуді қарастырады
уәкілетті банкпен траттарды (векселдерді) және/немесе құжаттарды сатып алуды және банк-эмитенттен өтемін алғанша бенефициарға аванс төлеуді қарастырады
Бенефициарға, ол жөнелтілім құжаттарын көрсеткендегі арнайы «қызыл ескертпелі» аккредитив шарты болғанда, сома бөлігінің авансын төлеуді қарастырады
келісім-шарттағы кесте бойынша анықталатын тауардың тұрақты жеткізілімін есептеуде қолданылатын жаңартылған аккредитив
кепілдікпен ұқсастығы болғандықтан құрал ретінде қолданылады
бенефициардың («бірінші бенефициар») өтініші бойынша басқа бенефициарға («екінші бенефициарға») толығымен немесе жарым-жартылай берілуі мүмкін
1. Аккредитив шығарылатын несиелік желіні рәсімдеуге керекті құжаттар
2. Тауардың жеткізілу, қызмет көрсету, жұмыс орындалуының келісімі (шарты)
3. Аккредитивті қызмет көрсету келісімі
4. Аккредитив ашуға өтініш
Банктік кепілдік – бұл Банктің Бенефициар пайдасына төленуге жататын, соңғысының төленген немесе төленбегені жөнінде жазбаша талаптарын кепілдікте көрсетілген құжаттарын, белгілі бір жағдайлар туындаған жағдайда (Принципиал Бенефициар алдындағы өз міндеттемелерін орындамайды) көрсетуі бойынша жазбаша міндеттемесі.
Банктік кепілдіктер, тәртіп бойынша, кепілдіктердің бірінші талабы бойынша Сәйкестендірілген ережелерімен (Uniform Rules for Demand Guarantees, ISS Publication 458) реттеледі немесе Банк – кепіл елінің ұлттық заңнамасына бағынады.
Артықшылықтары:
Кемшіліктері
Халықаралық тәжірибеде көбіне кепілдіктің мынадай түрлері қолданылады:
Тәртіп бойынша, сатушының келісілген мерзім ішіндегі шарттағы төлем құны бөлігінің сатып алушыдан талабын қамтамасыз етеді
Шарт талаптарын бұзған жағдайдағы сатушы алған аванстық төлем сомасын қайтаруды қарастырады
Жеткізілуі немесе қызмет көрсетілуі шарт бойынша және уақытылы болуын қамтамасыз етуге арналған
Тендерге (конкурсқа) қатысу үшін қолданылады
«Delta Bank» АҚ-ның қызметкерлері Сіздерге төлемнің оңтайлы жолын таңдау жөнінде ұсынысын беруге қуанышты, сондай-ақ тауар жеткізу, қызмет көрсету келісімін (шартын) жасасу кезіндегі Сіздің көзқарастарыңызды барынша қорғайтын төлем талаптарын рәсімдеуге көмектеседі.
Сіздерге, құжаттамалық аккредитивтер және банктік кепілдіктер бойынша Тарифтермен танысуды ұсынамыз
Delta Bank АҚ филиалдарының заңды тұлғаларға көрсететін қызметтерінің тарифтері
Delta Bank АҚ филиалдарының көрсететін қосымша қызметтері
Қаржылық институттармен жұмыс Басқармасының телефоны +7 (727) 244 85 48.