Керi байланыс

Хабарлама*:
Аты-жөні**: Сіздің эл. поштаңыз**: Телефон

* - Толтыру үшін міндетті аландар

Алматы
+7 727 244 85 55

8 800 080 5099

(аймақтар үшін тегін желі)
Барлық бөлімдер

Кассалық – есеп айрысу қызметтері

«DeltaBank» АҚ Сіздерге келесі кассалық-есептік қызметтердің түрлерін ұсынады:

Банктік шоттарды ашу мен жүргізу

Заңды тұлғаларға банктік шоттарды кез келген көлемде ашуға болады және ұлттық валютада да, шетел валютасында да жүргізіледі.

Банктік шоттарды ашу Банк пен Клиент арасында жасасқан, яғни банктік шотты ашу, жүргізу, жабудың негізгі талаптары көрсетілген шарт негізінде жүзеге асады.

Аударым операциялары

Клиент шотынан ақша аудармалары ұлттық және шетел валютасында төлем тапсырыстың немесе аудармаға өтініш толтыру арқылы орындалады. Аудармалардың банктік шот ашусыз орындалуы мүмкін, егер ақша жөнелтушінің және алушының банктік шоттары болмаған жағдайда.

Кассалық операциялар

Банк қолма-қол ақшаларды қабылдау, беру, айырбастау, ұсақтау және қолма-қол валюталарды алу-сату, банкноттардың шынайлығын тексеру қызметтерін көрсетеді.

Конверсиялық операциялар

Шетелдік валютаны қолма-қол ақшасыз алып-сату операциялары Банкпен ағымдағы күнмен, яғни валюталандыру күнімен жүргізіледі. Көп мөлшердегі операцияларды орындау үшін клиенттерге арнайы бағам түрі ұсынылады.

Құрметті клиенттер!

Сіздерге “Delta Bank” АҚ 2010 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстан Республикасында ISO 13616: IBAN және ISO 9362: ВІС тиісінше халықаралық стандарттарына негізделген клиенттердің банктік шоттарының жаңа нөмірлері (ЖСК) және банктердің жаңа банктік сәйкестендіру кодтары (БСК) пайдаланылатынын хабарлайды.

Банктік деректемелердің бірыңғай стандарты төлемдерді жүргізуге және ақша аударымдарын жүзеге асырудың тиімді үдерісі үшін қажет. IBAN және BIC Қазақстан Республикасының территориясында, Қазақстанның ішіндегі төлемдерде және сондай – ақ халықаралық төлемдерде пайдаланылады.

IBAN және ВIC -кодтарды қолданысқа енгізу Қазақстанда 2010 жылдың 7 маусымынан бастап, өту кезеңінсіз, бірсәтте орындалады. Төлемдерді жүргізгенде және ақша қаражаттарын аударғанда тек халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа банктік деректемелерді көрсету қажет.

Осыған орай «Delta Bank» АҚ клиенттері, 2010 жылдың қаңтар айынан бастап өзінің IBAN форматындағы шотын алу үшін, Сіздің шотыңыз ашылған «Delta Bank» АҚ филиалдарына хабарласуыңыз қажет. Егер Сіздің бірнеше банктерде шоттарыңыз бар болса, онда шотқа нақты сәйкес келетін IBAN нөмірін сол шот ашылған банктен алуыңыз керек. Сонымен бірге «Delta Bank» АҚ - н оның БСК ақпараттарын алу қажет. Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі іскер серіктестеріңізді және басқа да өзіңіздің мүдделі тұлғаларыңызға өзіңіздің банктік жаңа деректемелеріңізді және олардың әрекет ету мерзімдерін дер кезінде хабарлаңыз, сондай – ақ өзіңіздің қазақстандық серіктестеріңіздің IBAN шот нөмірлерін және банктік жаңа БСК біліп алыңыз.

Толығырақ ақпараттарды Сіз мына енгізілген файлдан оқи аласыз.

Банктік деректемелердің жаңа құрылымы туралы ақпараттар (pdf, 74 Кб)