| Сатып алу | Сату | |
![]() | ||
| Алматы қ. бойынша бағамдар |
Банк атауында негізгі салмақ «Delta» ұғымына түседі. Оны өзеннің сағасы мағынасында қарастыратын болсақ, онда ол өмір сүру және даму үшін мінсіз мекен болып табылады. Бұған қоса Delta үйдің кіреберісі деген мағынаны да білдіреді, сондықтан Банкті жайғастырудың негізінде әр Клиент сапалы әрі жылдам банктік қызмет көрсетуді пайдалана алатын жайлы үй банкі түсінігіне де саяды.
Логотип түпнұсқалық белгіден және Банк атауының жазбасынан тұрады.
Белгі бірыңғай, тұрақты жүйеге біріктірілген үш құрамдас бөліктен құралған, бұл ретте үш негізгі бөліктің әрқайсысы белсенді, сағат тілімен қозғала отырып, шексіз қозғалысты білдіреді.
Үшбұрыш – үш құрамдас бөлік күшінің, бірлігінің және теңдігінің белгісі, бұл Банкті, Қоғамды және Клиентті біріктіріп, олардың арасында тұрақты қарым-қатынасты түзеді.
Фирмалық белгі сенімді, қолжетімді және Клиентке бағытталған Банкті көрсете отырып, Клиенттердің жинақ ақшаларын сақтауды қамтамасыз етумен құрылым ішіндегі реттелген жұмысты байқатады.
Банктің жаңа белгісінің негізгі түстері: жасыл және күміс түс.
Жасыл - өмір сүрудің, дамудың, көркеюдің, айқындықтың, ашықтықтың және қолжетімділіктің түсі, ал күміс түс тұрақтылықты, сенімділікті, консерватизмді және шешімдердің салмақтылығын білдіреді.
Корпоративті түс композициясы Банктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес анықталған болатын.
Брендті жаңарту Delta Bank-ті қазіргі заманға сай банкинг қызметін көрсететін, Клиенттердің бизнесін дамыту мен әл-ауқатын жақсартуға көмектесетін серіктес ретінде қабылдауға бағытталған.
Біз үшін әр Клиент банктік қызмет көрсетудің кең ауқымымен және жоғарғы сапалы қызмет көрсетумен бірге Банктің сенімді, қолжетімді қаржы институтына айналған ребрендинг тұжырымдамасының мәнін түсінгені маңызды.