Керi байланыс

Хабарлама*:
Аты-жөні**: Сіздің эл. поштаңыз**: Телефон

* - Толтыру үшін міндетті аландар

Алматы
+7 727 244 85 55

8 800 080 5099

(аймақтар үшін тегін желі)

Банк туралы

«Delta Bank» АҚ бүгінгі күні клиенттердің нарықтық қажеттіліктері мен ұсыныстарын ескере отырып, банктік өнімдер мен қызметтерді көрсетуге бағытталған серпінді даму үстіндегі қаржылық институт болып табылады.

Батыс Қазақстан облысы Ақтау қаласының ірі мұнай-газ компанияларының бастамасымен 1993 жылғы 1-ші қыркүйекте негізі қаланған Банк еліміздің қаржы нарығында өзінің 18 жылдық тарихындағы жайғасымын едәуір нығайтты.

Орталық офис Ақтаудан Алматыға ауыстырылғаннан кейін Банк Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктерімен корреспонденттік қатынастарды нығайтуға және Ресей мен Балтық өңірінің коммерциялық банктерімен ынтымақтастықты кеңейтуге әсерін тигізген республикалық статусқа ие болды.

Клиенттерінің жыл сайынғы белсенді түрде ұлғайған тенденциясы Банктің дұрыс таңдалған стратегиясы мен Банктің өсуіне деген сенімді дәлелдейді.

Банктің 18 жыл бойына жиналған тәжірибесі, өткен жылдардың табыстары мен жетістіктері Банкке стратегиялық басымдықтарды жан-жақты етудің пайдасымен қоса бизнес жүргізудің жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік берді. Банк ребрендингін өткізу қажеттілігі туындады. Оның негізділігі ең алдымен шағын және орта бизнесті, жеке сауданы дамытуға бағытталған жаңа стратегияны қабылдаумен байланысты еді. Оның үстіне мұнай компаниялары секторларының үлесінде клиенттер құрамының қысқаруы салдарынан Банк салалық болуын тоқтатты.

Банктің бүгінгі күнгі негізгі мақсаттары – қызмет көрсету мен жаңа өнімдердің стандарттарын өңдеу және жаңа стратегияға ену арқылы жаңа деңгейге қол жеткізу.

Клиенттердің қажеттіліктері мен жалпы нарықтық жағдайды талдау Банкке бәсекелестікке жарамды банк өнімдерін өңдеуге мүмкіндік берді, олардың ішінде ұжымдық клиенттер мен шағын және орта бизнес субъектілері үшін айналымдық қаражаттарды толтыруға арналған заемдар, жылжымайтын мүлікке негізделген қаражаттар, сондай-ақ жеке тұлғаларға арналған несие өнімдері - «Ипотека универсал», «Неотложка» несие желілері, Автонесиелендіру. Депозит өнімдерінің желісі кеңінен ұсынылған, жеке тұлғаларға арналған – «Малыш», «Мудрость», «Delta-Байлық» депозиттері сондай-ақ заңды тұлғаларға арналған - «Delta - бизнес», «Delta-капиталист», «Delta-Байлық» салымдары.

Банк командасы жылдан –жылға озық тәжірибе мен қазіргі заманға сай банк технологияларын пайдалана отырып, қаржылық қызметтерді ұсыну мүмкіншілігін кеңінен пайдалану қажеттілігін қолданып, қаржылық қызметтердің толық ауқымын көрсету арқылы әмбебеп Банк құру жолында. Осы мақсатта «Delta Bank» АҚ банк процесстерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімдердің бірқатарын енгізуде. «Delta Bank» бірер жылдардан бері ТМД елдеріндегі және шалғай шет елдердегі көптеген банктермен ынтымақтастық пен серіктестікте. Олардың қатарына Сбербанк, Связь – Банк, Райффайзенбанк, ЮниКредитБанк, Промсвязьбанк, Транскапиталбанк, Citibank, Commerzbank және т.б. кіреді.

«Delta Bank» АҚ аймақтық желісі 11 филиалды қамтиды. Банктің жоспарында – қосымша филиалдарды ашу арқылы аумақтарға таралу да бар.

«Delta Bank» АҚ активтері 89,0 млрд.теңгені, несие портфелі 67,0 млрд.теңгені құрайды. Жеке капиталы - 15,9 млрд.теңге (мәліметтер 2012 жылғы 1 қаңтардың 1-не берілген).